
Англия құрамасының және "Ливерпуль" клубының қорғаушысы Трент Александр-Арнольд Испаниялық "Реал Мадридке" 10 миллион фунт стерлингке ауысады. Бұл келісім "Ливерпульге" тиімді болғанымен футбол әлемінде сынға ұшырауда.
"Ливерпуль” ойыншыны маусым соңында тегін жіберудің орнына, 10 миллион фунт табыс тапты.
Екі команда арасындағы алғашқы келісім бойынша Трент маусым соңында еркін агент ретінде кететін болған. Алайда "Реалдың" ниеті оны Клубтар арасындағы Әлем Чемпионатына дейін қатарға қосу, сондықтан оның трансферін тездетіп аяқтап, құрамаға тіркеу үшін Англиялық ұжымға 10 миллион фунт төледі.
Бірақ, кей сарапшылар бұл шешімді “Ливерпулдің" әлсіздігі деп бағалауда.
Солардың бірі Габби Агбонлахор бұл әрекетті “бұзақылық” деп атап, "Ливерпульдің” "Реал Мадридтің” талаптарына "беріліп кетті” деп сынады.
“Реал Мадрид бәрін қалағанын ала береміз деп ойлай ма? Олар Килиан Мбаппені тегін алды, енді Трентті де тегін алды, бірақ оны ерте алғылары келіп, 10 миллион ғана төлеп отыр. Бұл – 100 миллион фунт тұратын ойыншы. Ливерпуль жоқ, біз оны шілдеге дейін бермейміз деуі керек еді!”
Трент “Реал Мадрид” жейдесіндегі алғашқы матчына келесі айда өтетін Клубтар арасындағы Әлем Чемпионатында "Аль-Хиляльға” қарсы қатысады.
Біздің серіктес: FONBET